Серіктестерге
Құрметті серіктестер!

Оtau development group сіздерге 2016 жылдың 5 қыркүйегінен бастап келісімшарттың үлгілік нысандарына (стандарттық шарттар) сай келісімшарттық қатынастар орнатудың және келісімшартқа қосылу өтінішінің жаңа тәртібі күшіне енгізілгенін хабарлайды.

Келісімшартқа отыру үшін өзіңізге ыңғайлы үлгілік келісімшарт нысанын таңдап, оны мұқият зерттеңіз. Шарттың барлық талаптарымен келіссеңіздер, сізге шарт жасасуды бастамашылық қызметпен, коммерциялық бөліммен және қаржылық қызметпен келісілген келісімшартқа қосылуға арналған өтінішіке қол қою қажет.


ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
Оtau development group ұсынуға арналған қажетті құжаттар:

Шарттың кез-келген үлгісіне: сенімхат, егер сенімхат бойынша тұлғаның шартқа қосылуға өтінішке қол қойса;

Көлік пен механизмдер бойынша қызмет көрсету шарты бойынша: ТҚ, арнайы техникаға немесе механизмге арналған техпаспорт көшірмесі, егер ТҚ немесе механизм келісімшартқа отырушы тұлғаға тіркелмеген болса – ТҚ немес механизм иеленушісімен жалдау шартының көшірмесі; келесідей компаниялармен GPS қызметтерін қондыру және көрсету бойынша шарт көшірмесі:  Garage ЖШС, Nmad GPS ЖШС , Omnicomm service ЖШС.